СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.257.9.004
Мақалада Қазақстанның су ресурстарының, оның ішінде жерасты суларының негізгі ластану көздері қарастырылып, олардың жай-күйін бағалауға арналған қашықтан мониторингтеу әдісі ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – Балқаш көлі жағалауындағы кен өндіру және кен байыту кәсіпорындарының қызметінен туындайтын ауыр металдармен ластану ерекшеліктерін анықтау және оның алдын алуға бағытталған инженерлік қолжетімді әрі экономикалық тиімді әдісті әзірлеу. Зерттеу барысында дренаждық жүйелер мен бақылау ұңғымаларын пайдалана отырып, ластаушы заттардың таралу бағытын бақылау тәсілі қарастырылды. Ұсынылған әдіс дренаждық арналар мен көл аралығында орналасқан бақылау ұңғымалары арқылы ластаушы заттардың миграциясын үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді. Нәтижелер тау-кен кәсіпорындарында енгізіліп, Satbayev University оқу үдерісінде қолданылуда.
*О. Байтурбай, М. Б. Нұрпейісова, А. Т. Салқынов, Дж. Сагин


