КАСПИЙ МАҢЫ АЙМАҒЫНЫҢ ГЕОДИНАМИКАСЫН МОНИТОРИНГТЕУДІҢ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.257.9.007

Мақала Қазақстанның батыс өңіріндегі көмірсутек кен орындарын игеру кезінде туындайтын геодинамикалық процестерді зерттеуге арналған. Каспий теңізінің Бозащы түбегіндегі жер беті деформацияларын кешенді мониторингтеу нәтижелері ұсынылған. Заманауи геодезиялық аспаптар мен авторлар жетілдірген техникалық құралдарды қолдану жер бетінің шөгу параметрлерін анықтаудың дәлдігі мен жеделдігін арттырды. Мониторинг нәтижесінде ауданның геодинамикалық полигоны және мәжбүрлі центрлеуге арналған тұрақты тірек пункттерінің конструкциясы әзірленіп, өндіріске енгізілді. Зерттеу нәтижелері «Геосервис-С» ЖШС-де Батыс Қазақстан кен орындарын игеру кезіндегі жер бетінің деформациялық процестерін мониторингтеу жобасын іске асыруда және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу үдерісінде пайдаланылды.

*Р. С. Қурманбаев, А. Кенесбаева, О. С. Қурманбаев, Бен Джарихани

Открыть