ҚАРАҒАНДЫ КӨМIР БАССЕЙНIНДЕГI ҚАЗБАЛАРДЫҢ КЕРНЕУІ-ДЕФОРМАЦИЯЛАНҒАН ЖАЙ-КҮЙIН ЕСКЕРІП АНКЕРЛIК БЕКIТУДIҢ МҮМКІНДІГІН ҚАРАСТЫРУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.254.6.011
Соңғы уақытта тау-кен жұмыстары тереңдігінің өсуіне және жату жағдайлары қолайлы қабаттарды бастапқы өңдеуге байланысты қазудың тау-кен-геологиялық жағдайларының күрделенуіне орай өндірудің өзіндік құны артуда, дайындық кенжарларындағы өнімділік төмен деңгейде, тау-кен қазбаларын жүргізу, ұстау және жөндеу кезінде еңбек сыйымдылығы өсуде. Тау-кен қазбаларын бекіту және қолдану көмірді жерасты өндірудің тиімділігін анықтайтын құрамдас бөліктердің бірі ретінде қабылданды. Шахталарда дайындық қазбаларын жүргiзу кезiндегi тиiмдi және қауiпсiз жұмыс шарттарының бiрi бекiту материалдарының шығынының азаюы, олардың орнықтылығын қамтамасыз ету. Мақалада тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шахталардағы қазбаларды анкерлік бекітпені пайдалану параметрлері қарастырылған.
*А. У. Кожантов, Д. К. Ахметканов, Е. Х. Абен, С. С. Мырзахметов


