АҚТӨБЕ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ҚИЫН БАЙЫТЫЛАТЫН АЛТЫН ШИКІЗАТЫН БАЙЫТУ ЖӘНЕ КЕШЕНДІ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.246.10.006
Бұл жұмыста Жамбыл облысындағы Ақтөбе кен орнындағы қиын байытылатын алтын құрамды рудалар кешенді зерттелді. Кеннің химиялық және минералдық құрамы, алтын мен күмістің таралу формалары, гранулометриялық және физика-механикалық қасиеттері анықталды. Орташа алтын мөлшері 1,55–1,6 г/т, күміс 42–43 г/т деңгейінде. Негізгі минерал кварц (79%-ға дейін), пирит (10%-ға дейін), дала шпаты, кальцит және слюда. Фазалық талдау бос алтын үлесін 46,47 % көрсетті, қалған бөлігі сульфидтермен (37,61%) немесе жыныста майда түйіршікті (15,92%) түрінде. GRG-тест нәтижесінде центрифугалық әдіспен алтынның 35,93%-ға дейін бөлінетіні анықталды. «Ұнтақтау-центрифугалық концентрация» сұлбасы алтынның 28,74%-ын гравиконцентратқа жинақтады. Нәтижелер гравитация, флотация және циандауды біріктіретін технологиялардың негізділігін дәлелдейді.
*М.Б. Барменшинова, И.Ю. Мотовилов, М.Ә. Іңкәр, Р.С. Омар


