СІЛТІЛЕУ ЕРІТІНДІСІНІҢ ОТТЕГІМЕН ТОТЫҒУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2023.222.10.008

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан барлық уран өндіруші кәсіпорындар жерасты ұңғымалармен сілтілеу (ЖҰС) технологиясын қолданады. Соңғы уақытта күрделі тау-кенгеологиялық және гидро-геологиялық жағдайлы уран кенорындарының учаскелері игеруге тартыла бастады, мұнда ең үлкен тиімділік әртүрлі тотықтырғыштарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Арзан тотықтырғыштардың бірі-оттегі, бірақ қанықтырудың күрделілігі мен қымбаттығына байланысты бұл тотықтырғыш қолданылмады. Мақалада айтарлықтай материалдық және еңбек шығындарын қажет етпейтін Вентури түтігін пайдаланып ауадан сілтілеу ерітіндісін оттегімен қанықтыру технологиясы берілген. Зертханалық жұмыстар осы технологияның тиімділігін дәлелдеді, ертінді оттегі концентрациясымен қанығудан кейінгі уақыт пен қашықтыққа, тотығу-тотықсыздану потенциалының және Fe3+ шамасына ерітіндідегі оттегінің концентрациясына тәуелділігі алынды.

*Е.Х. Абен, Д.К. Ахметканов, М. Елузах, Е.А. Елжанов