ЖАРАҚАТТЫ АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕГІ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАСЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

https://doi.org/10.48498/minmag.2023.218.6.001

Мақалада Ақтөбе ферроқорытпа зауытының (АФЗ) балқыту цехтарындағы 2012-2020 жылдар аралығындағы жарақатқа талдау жасалды. Статис­тикалық әдіс пен Ян Стреляу әдісін қолдана отырып, зерттеу кезеңінде АФЗ-a балқыту цехтарындағы ең қауіпті мамандықтар 26% ферроқорытпа балқытушы­лары және 20% слесарь-жөндеушілер болып табылады, бұл екі мамандық барлық жарақат алғандардың жартысына жуығын құрайды (47%). Зерттеу нәтижелері бойынша жарақаттанушылардың ең қауіпті жасы 40 жастан бастап және одан жоғары жалпы алғанда 50%-ды, яғни барлық жарақаттанатын қызметкерлердің жартысын құрайтынын анықтады. Тестілеу нәтижелері бойынша (Ян Стреляу әдісі) талдау жүргізілді және тестіленген барлық қызметкерлердің орта есеппен 12%-ында жарақаттану үрдісі анықталды. Зерттеу нәтижелерінің негізінде жарақаттануға бейім адамдарды арнайы фактор бойынша қауіптілігі төмен кәсіптер мен жұмыс орындарына ауыстыру мүмкіндігі туралы қорытынды жасалды.

*Б.Т. Уахитова, Ж.С. Саркулова, А.Б. Калжанова, А. Мерекеқызы