МАЙМЕН ТОЛТЫРЫЛҒАН БҰРАНДАЛЫ КОМПРЕССОРДАҒЫ ЖЫЛУ-МАССА АЛМАСУ ЖӘНЕ КОНДЕНСАЦИЯНЫ МОДЕЛЬДЕУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.256.8.002

Жұмыста маймен толтырылған бұрандалы компрессорда ылғалды газды сығу кезіндегі жылу-масса алмасу процестері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі тау-кен саласында компрессорлардың кең қолданылуымен және су буы бар газдар үшін энергетикалық есептердің дәлдігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Мақсат – конденсацияның жылулық режимге және сығу тиімділігіне әсерін ескеретін математикалық модель құру. Модель айнымалы көлемдегі процестің термогазодинамикалық сипаттамасына негізделген, масса мен энергия теңдеулерін, маймен жылу алмасуды және жасырын жылу бөлінуін қамтиды. 30–80% ылғалдылықта жүргізілген есептеулер сығу температурасы мен меншікті жұмыстың төмендейтінін көрсетті. 70% ылғалдылықта меншікті жұмыс шамамен 5%-ға азаяды.

Д. Д. Басканбаева, К. К. Елемесов, *Е. Е. Сарыбаев, С. М. Аппазова

Открыть