АСУБҰЛАҚ КЕН ӨРІСІНІҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТАЛДАУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.255.7.006

Бұл зерттеуде Қалба-Нарын кен белдеуіндегі Асубұлақ кен өрісінің тарихи геологиялық деректері (геологиялық, геофизикалық және геохимиялық карталар) цифрлық форматқа ауыстырылып, тұрақты нүктелер негізінде деректер жиынтығы құрылды. Машиналық оқыту әдістерін қолдану арқылы кеңістіктік-корреляциялық және геостатистикалық талдаулар жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – геологиялық нысандар мен олардың әртүрлі көрсеткіштері арасындағы геокеңістіктік байланыстарды анықтау. Геохимиялық деректер Пирсон корреляциясы мен k-орташа кластерлік талдау арқылы бағаланды. Нәтижесінде Be–Nb және Li–Cs элементтері арасында айқын сызықтық байланыс анықталды. Геофизикалық және геологиялық карталар IDW (Inverse Distance Weighted) әдісімен интерполяцияланып, геостатистикалық талдау жасалды.

Е. Т. Бекишев, *М. Е. Рахымбердина, E. Levin, А. К. Капасов

Открыть