ТАУ-КЕН КӘСІПОРЫНДАРЫН ЗАМАНАУИ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.254.6.008

Мақалада қазіргі заманғы координаталық негіздің даму деңгейіне сай келетін геодезиялық әдістемелердің сипаттамасы берілген. Тау жыныстары массиві мен жер бетінің деформацияланған күйіне мониторинг жүргізі, бағалау және болжау әдістерін жетілдірудің маңыздылығы атап көрсетіледі. Нақты мысал ретінде Ұлытау облысындағы Жыланды кен орындары тобы алынған және онда геодинамикалық процестерді бақылау жүргізілетін геодезиялық тірек торабы құрылғаны көрсетілген. Мақалада геодезиялық тірек тораптарын құру және мониторинг жүргізу үшін спутниктік технологияларды қолдану мәселесі, әсіресе мемлекеттік геодезиялық тораптың (МГТ) бір немесе бірнеше пунктін пайдаланған кезде пункттердің координаталарын анықтау дәлдігін бағалау тұрғысынан қарастырылған. Спутниктік технология, лазерлік сканерлеу және электрондық тахеометр негізінде жер бетінің деформацияларын бақылаудың бірегей технологиясы ұсынылған, ол жерасты кен қазу жұмыстары жүргізілетін аумақтарда шөгу мульдасының кеңістіктік орнын анықтауға мүмкіндік береді.

М. Б. Нұрпейісова, Д. М. Қырғызбаева, *А. М. Абенов, Н. А. Милетенко

Открыть