ӨНДІРІЛГЕН КЕН ОРЫНДАРЫН ЖОҒАРЫ ТЫҒЫЗДЫҚТАҒЫ БАЙЫТУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ТОЛТЫРУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.249.1.001

Кен орындарын ұзақ уақыт пайдалану барысында жинақталған байыту қалдықтарының көлемі жүздеген миллион текше метрге дейін жетеді. Мұндай ірі көлемдегі қалдықтарды сақтау ауыл шаруашылығы, орман және басқа да маңызды жер қорларынан бағалы аумақтарды шығарып тастауға әкеледі. Сондықтан қалдық қоймаларын орналастыру мәселесі экологиялық және техникалық тұрғыдан өзекті болып отыр. Жүргізілген зерттеулер байыту қалдықтарын қайта пайдалану мүмкіндігін, әсіресе толтырмалау үшін қоюландырылған қалдықтарды қолданудың тиімді екенін көрсетті. Қоюландыру процесі қалдықтардың жалпы мөлшерін азайтып, суды қайталама қолдану арқылы су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге ұзақ уақыт бойы сұйылтылған күйінде тұрақты сақталатын, қабыршақтанбайтын, жақсы реологиялық қасиеттерге ие икемді пасталық материал алынады, бұл оны жер асты кеңістігін қауіпсіз толтыруда қолдануға жағдай жасайды.

*А.М. Габитова, З.Ж. Абдрашева, Е.А. Абеуов, А.И. Ананин

Открыть