ЖЕРДІҢ ШӨЛЕЙТТЕНУІН СПУТНИКТІК ГЕОДЕЗИЯ НЕГІЗІНДЕ МОНИТОРИНГТЕУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.247.11.008
Бұл мақалада Каспий теңізі маңындағы ауыл шаруашылығы жерлері деградациясын талдау барысында Landsat спутниктік суреттері, Google Earth Engine және ArcGIS сияқты қашықтықтан зондтау бағдарламалары қолданылды. Сондай-ақ, Жел эрозиясы, NDVI, LAI, GPP индекстері мен жауын-шашын сияқты климаттық көрсеткіштер зерттелді. Антропогендік әсерді бағалау үшін адам даму индексі (HDI) мен кедейлік көрсеткіштері (GINI) есептелді. Сәйкесінше, зерттеу аумағы бойынша HDI көрсеткіші 0,620 көрсетіп, бұл аймақ үшін индекстің төмен екендігі анықталды. Ал кедейлік индексінің 2017 жылғы көрсеткіші 0,242 болса, 2022 жылы 0,345-ке дейін өскендігі дәлелденді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер зерттеу облысына жақын көршілес Каспий теңіз жағалауы аймақтарымен тікелей байланыстылығы зерттеліп дәлелденді.
Н.Н. Мусахан, *Ы. Жакыпбек, С.В. Турсбеков, С.Н. Мустапаева


