АНТРОПОГЕНДІК ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІНЕН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҚ-ЖЕР ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.246.10.012
Мақалада Түркістан қаласының топырақ жамылғысына антропогендік жүктемелер мен климаттық өзгерістердің әсері кешенді түрде бағаланған. Көлік және өнеркәсіптік қызметтің артуы мен жауын-шашын тапшылығы топырақ деградациясын күшейтетіні анықталды. Дала және зертханалық талдаулар нәтижесінде топырақтың физика-химиялық қасиеттері мен ауыр металдар (Pb, Zn, Cu, Cd) құрамындағы өзгерістер айқындалды. Гумус мөлшері азайып, қышқылдану мен тұздану үрдістері артқаны және ауыр металдар шекті нормадан асқаны байқалды. Экологиялық тұрақтылық төмендеп, көлік пен өндіріс аймақтарында ластану күшейген. Нәтижелер экологиялық мониторинг пен жасыл инфрақұрылымды жоспарлауда маңызды.
Н. Әбдімүтәліп, Ә. Құралбай, *Г. Тойчибекова, А. Еримова


