АҚТОҒАЙ МЫС-ПОРФИРЛІ КЕН ОРНЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ГИДРОТЕРМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГЕН АЙМАҚТАРДЫ ЖІКТЕУ ҮШІН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ АЛГОРИТМДЕРІН ҚОЛДАНУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.242.6.001
Мақалада Ақтоғай мыс-порфирлі кен орнын мысалға ала отырып, гидротермалды өзгерген аймақтарды жіктеу үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану нәтижелері қарастырылады. Зерттеу ASTER (Advanced Spaceborne Thermal Emission and Reflection Radiometer) спутнигінің мультиспектралды деректері, сондай-ақ далалық және зертханалық зерттеу нәтижелері негізінде жүргізілді. Жіктеу нәтижелері бойынша максималды ықтималдық әдісі ең жоғары тиімділікті көрсетті: жалпы дәлдік – 84,12%, Каппа коэффициенті – 0,79. Ал минималды қашықтық әдісінің дәлдігі 54%-ды, Каппа коэффициенті 0,39-ды құрады. Бұл нәтижелер гидротермалды өзгерген аймақтарды автоматты түрде карталауда машиналық оқыту алгоритмдерінің әлеуетін растайды.
Э.О. Орынбасарова, *Б. Адебиет, О. Байтурбай, М.К. Закария