ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫМЕН ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ГЕОДИНАМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.255.7.004
Жұмыста қазіргі заманғы GNSS-технологияларды және деректерді өңдеудің цифрлық әдістерін қолдана отырып, Алматы өңірі жағдайында геодинамикалық процестер мен инженерлік құрылыстардың мониторингі үшін пландық-биіктіктік геодезиялық негіздеме жасау ерекшеліктері қарастырылады. ITRF2014 халықаралық координаттар жүйесі, жаһандық және өңірлік деңгейдегі базалық GNSS-станциялары негізінде геодезиялық желіні құру қағидаттары, сондай-ақ BERNESE 5.2 және AUSPOS бағдарламалық орталарында ALMA базалық станциясының статикалық бақылауларын өңдеу нәтижелері ұсынылған. Алынған нәтижелер Алматы өңірінің сейсмоактивті жағдайында жер қыртысының қазіргі заманғы қозғалыстары мен деформациялық процестердің мониторингін геодезиялық қамтамасыз ету негізі ретінде GNSS-технологияларды қолданудың тиімділігін растайды.
Г. К. Джангулова, О. С. Курманбаев, *Г. К. Байдаулетова, Э. Рубинов


