ЖЕРАСТЫ ТАУ-КЕН ҚАЗБАЛАРЫН БЕКІТУГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТОРКРЕТБЕТОН ҚОСПАСЫНЫҢ РАЦИОНАЛДЫ ҚҰРАМДАРЫ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.255.7.009

Зерттеу жұмысында жерасты тау-кен қазбаларының бекітпелерінің техникалық, эксплуатациялық, экологиялық және экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында полимермен модификацияланған торкретбетон технологиясының жаңа нұсқасы ұсынылады. Ұсынылған тәсіл қоспаның құрамын оңтайландыруды, оны қолдану әдістерін жетілдіруді және әртүрлі геологиялық жағдайларда тиімділігін арттыруды көздейді. Кешенді инженерлік-материалтанулық әдіснама аясында физика-химиялық сипаттамалар зерттеліп, эксперименттік модельдеу, зертханалық және табиғи ортадағы далалық сынақтар жүргізіледі. Сонымен қатар, алынған нәтижелерді дәл бағалау үшін заманауи статистикалық талдау әдістері қолданылады. Бұл зерттеу торкретбетонның беріктігін, адгезиясын және ұзақ мерзімділігін арттыруға, сонымен бірге шығындарды азайтып, қоршаған ортаға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Т. М. Алменов, Р. К. Жанакова, *Б. А. Сейтқазынова, Atac Bascetin

Открыть