КЕН БАЙЫТУ САЛАСЫНДА ӨНДІРІСТІК ҮРДІСТЕРДЕГІ КӘСІБИ ҚАУІП МӘСЕЛЕСІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

https://doi.org/10.48498/minmag.2025.245.9.002

Бұл мақалада кен байыту өндірісі саласындағы кәсіптік қауіптерді бағалау және басқару мәселелері қарастырылады. Зерттеу объектісі ретінде «Nova Zinc» ЖШС байыту фабрикасының өндірістік ортасы алынған. Кәсіптік қауіптерді анықтау мен бағалаудың құрылымдық әдістемесі ұсынылып, олардың жұмысшылар денсаулығына әсер ету деңгейі мен рұқсат етілген еңбек өтілін есептеу жолдары талданады. Өндірістік факторлардың – шу, діріл, зиянды химиялық заттар, шаң, микроклиматтың жағымсыз көрсеткіштері мен жарықтың жеткіліксіздігі – кешенді әсері зерттеледі. Зерттеу нәтижелері кәсіби қауіптерді тиімді басқару үшін өндірістік ортада экспозициялық талдауды, «доза – эффект» байланысын және қауіптің сипаттамасын интеграциялау қажеттігін дәлелдейді. Ұсынылған тәсілдер жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын оңтайландыруға, кәсіби сырқаттанушылықты азайтуға және өндірістік процестердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

*Т.С. Каппарова, Л.И. Раматуллаева, Б.Т. Уахитова, І.А. Аманжол

Открыть