МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН БҰРҒЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БҰРҒЫЛАУ ШАЮ СҰЙЫҚТЫҒЫ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.252.4.007

Мақалада сіңіру қабаттары жағдайында бұрғылау ерітінділерінің сүзілуін төмендетуге арналған модификацияланған полимерлі реагенттерді әзірлеу нәтижелері баяндалады. Әзірленген полимерлік жүйелер ерітіндінің сүзу және реологиялық қасиеттерін тиімді реттеуге мүмкіндік беріп, бұрғылау кезінде технологиялық сенімділікті арттырады. Бұл жүйелер тығыз өткізбейтін сүзгі қабыршақтарын түзе отырып, иілімді тұтқырлық пен ығысу кернеуін оңтайлы деңгейде ұстайды. Зерттеуде модификацияланған полиакрилонитрил мен әртүрлі қатынастағы ұсақталған мақта сабақтарының ерітінді қасиеттеріне әсері қарастырылған. Ұңғыма қабырғалары арқылы сіңу дәрежесін төмендету мақсатында зертханалық сынақтар жүргізіліп, олардың тиімділігі бағаланған. Нәтижесінде полимер мен өсімдік толтырғышының оңтайлы құрамы анықталды.

Н.А. Бесбаева, *Г.Ж. Бимбетова, Г.М. Эфендиев, К.С. Надиров

Открыть