ҚҰРАМЫНДА КӨМІРІ БАР ҚАЛДЫҚТАРДЫ РЕАГЕНТ-ДЕПРЕССОРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ФЛОТАЦИЯЛЫҚ БАЙЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2025.243.7.003

Күрделі құрамды жатқан қалдықтарды байыту мәселесі қарастырылған. Көміртекті заттың зиянды әсерін азайту және бағалы компонент шығындарын азайту үшін өнеркәсіпте әртүрлі әдістер мен технологиялық тәсілдер қолданылады. Әмбебап әдістің бірі сульфидті флотация кезінде көміртекті заттың селективті депрессорын пайдалану болып табылады. Онда пайдалы компонент концентратқа максималды түрде бөлініп, көміртекті байыту қалдықтарында қалдырады. Зертханалық тәжірибе құрамында мыс мөлшері 0,19% және көміртегі 1,87%, тотыққан мыс минералдарының салыстырмалы мөлшері 44,94% болатын жатқан қалдықтардың сынамасымен жүргізілді. Зертханалық эксперимент арқылы Р-2 көміртекті реагент-депрессорын пайдаланған кезде аралық өнімге көміртегінің алынуы 25,94%-дан 7,26%-ға дейін төмендейтіні анықталды.

А.Р. Мамбеталиева, *С. Сагатбек, А.О. Мугинов, Б. Жәкен

Открыть