ГАЖ ЖӘНЕ ЖҚЗ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ МЕН ЖЕРЛЕРДІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ГЕОКЕҢІСТІКТІК МОНИТОРИНГ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.257.9.009

Мақалада Маңғыстау облысының жер ресурстарын мониторингтеу және жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін бақылау үшін геоақпарат тық жүйелерді (ГАЖ) және Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. KazEOSat-1 және KazEOSat-2 спутниктерінен алынған ғарыштық суреттер негізінде бірыңғай геоақпараттық деректер базасы қалыптастырылып, мониторинг нәтижелерін визуализациялауға, сақтауға және кеңістіктік талдауға арналған мамандандырылған геопортал әзірленді. Кен орындарын игерудің нақты шекаралары лицензиялық учаскелермен салыстырыл ды. Келісімшарттық аумақтардан тыс жұмыстар жүргізу, жерді өз бетінше пайдалану және экологиялық ластану (мұнаймен ластану) учаскелері анықталды. Нәтижелер ГАЖ бен ЖҚЗ деректерін мемлекеттік жер бақылауы, бұзушылықтарды жедел анықтау және экологиялық мониторинг міндеттерінде біріктірудің тиімділігін растайды.

Г. Мейрамбек, *М. М. Уйсенов

Открыть