БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ РЕАГЕНТТЕРДІҢ БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІЛЕРІНІҢ ИНГИБИРЛЕУШІ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІ

https://doi.org/10.48498/minmag.2025.247.11.004

Бұл жұмыста тұрақтылығын жоғалтқан сазды тау жыныстарында бұрғылау сұйықтықтарының ингибирлеуші қасиеттеріне бейорганикалық реагенттердің әсерін зерттеу туралы мәліметтер берілген. Бұрғылау ерітінділері алғашында дисперстік жүйелер ретінде пайда болды, олардың қасиеттерін реттеу үшін түрлі химиялық реагенттер мен техникалық материалдар қолданылған. Қиындықтардың алдын алу және бейорганикалық реагенттердің көмегімен тұрақтылықты сақтау мәселесі қарастырылған. Тау жынысындағы әртүрлі иондардың әсер ету механизмі сипатталған. Ең жақсы ингибирлеуші әсерін молярлық қатынасы 3,5 шамасына тең натрий силикаты көрсеткен. Аммоний, калий және цезий тұздарының су ерітінділерінің қатпарлы тақтатастың микро жарықшақтары арқылы ену жылдамдығы және олардың қақ айырылуы және бұзушы әрекеті натрий, магний және кальций тұздарының су ерітінділерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екені орнатылды.

Р.Р. Ташменов, А.К. Орынбасаров, А.С. Садырбаева, *М.К. Жантасов

Открыть