ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІНІҢ ГЕОХИМИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.48498/minmag.2022.210.10.002

Зерттеудің мақсаты – сирек металдар мен басқа да пайдалы қазбалардың түрлерінің минералдануын анықтау үшін көл суларының және түбі шөгінділерінің химиялық құрамын зерттеу. Облыста жүргізілген экспедициялық зерттеулер нәтижесінде өзен-көлдердің гидрохимиялық құрамы негізгі көрсеткіштер бойынша анықталды, оның ішінде: рН, калий, натрий, магний, аммоний, нитрит, нитрат, фосфат, кремний, алюминий, мыс минералдануы, темір, қорғасын, мырыш, никель, кадмий, марганец және сирек металдар. Негізгі зерттеу объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Бурабай, Делбегетей және Шаған-Шар учаскелеріндегі минералданған (тұздылығы 1 г/л жоғары) көлдер алынды.

*Б.Б. Ағалиева, Б.Б. Амралинова, О.В. Фролова, А.А. Рагданова