ШЕГЕНДЕУ БАҒАНАЛАРЫН БЕКІТУ ҮШІН ТАМПОНАЖДЫҚ ҚОСПАЛАРДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН АЛУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.244.8.002
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы мұнай, газ кен орындарында ұңғымаларды бұрғылауда шегендеу бағаналарын бекітетін тампонаждық ерітінділер құрамындағы қоспалардың қасиеттерінің төмен көрсеткіштеріне байланысты туындайтын қиындықтардың әсерінен, алынатын өнімнің сапасы нормативтік мәндерге сәйкес келмейді, бұл бүгінгі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, тампонажды ерітінді қоспаларының рецептурасын жақсарту және цементтеу техникасы мен технологиясын жетілдіру әдісі зерттелді. Берілген мақалада жергілікті мотор майлары өндірісінің адсорбциясы сатысындағы қалдық – ағартқыш сазды қолдану арқылы алынған тампонажды ерітінділердің негізгі қасиеттерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Алынған нәтижелер тампонажды ерітіндінің өткізгіштігінің жоғары деңгейін көрсетті.
А.Р. Кембаев, *Г.Ж. Бимбетова, Н.Ш. Отарбаев, Р.М. Бекенов


