УРАНДЫ ЖЕРАСТЫ ҰҢҒЫМАЛЫҚ СІЛТІЛЕУ ӘДІСІМЕН ӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ СЦЕНАРИЙЛІК ТАЛДАУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.258.10.002
Жұмыста уранды жер асты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке талдау жасалып, апаттық жағдайларды сценарийлік модельдеуге ерекше назар аударылды. Жүйелік талдау негізінде қауіпті өндірістік үдерістер мен инфрақұрылымның сыни факторлары айқындалды. Апаттық жағдайлардың себептерін, даму механизмдерін және олардың салдарын сипаттауға мүмкіндік беретін сценарийлік-бағдарланған әдіс қолданылды. Апаттық жағдайларды ықтималдылығы, салдарының ауырлығы, тәуекел деңгейі бойынша бағалау үшін сараптама негізінде тәуекелдер матрицасы құрастырылды. Ең жоғары қауіп төндіретін үдерістер ретінде ерітінділерді айдау-шығару және тасымалдау операциялары нақтыланды. Тәуекелдерді төмендету және қауіпсіздікті арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Г. Ю. Абдугалиева, А. О. Орсаринова, *С. О. Хусаинова, Т. Ж. Саукен


