ҰҢҒЫМАЛАРДЫ БҰРҒЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ АУЫРЛАТЫЛҒАН БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІЛЕРІ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.254.6.005

Мақалада мақта майының сабындалған гудронынан алынған модификацияланған ұнтақ тәрізді реагент (ҰР) негізіндегі бұрғылау ерітіндісі зерттеледі. Модификацияланған ҰР қолдана отырып, су негізіндегі ерітіндісінің қасиеттерін зерттеудің эксперименттік нәтижелері сипатталған. Суда еритін ҰР қолдану оны экологиялық таза аналогтар ретінде қолданудың кең перспективасын ашады. Бұрғылау ерітіндісінің құрылымдық-реологиялық, сүзу қасиеттерін жақсарту үшін металлургиялық өндіріс қалдықтарын қолдану мүмкіндігі анықталды. Осыған байланысты бұл зерттеудің өзектілігі айқын, өйткені оны жүзеге асыру нәтижесінде ерітіндінің тұтқырлығы мен тиксотропты құрылымын реттегіштер, сүзуді (су берілісі) төмендеткіштер үшін өсімдік майларының қалдықтарынан экологиялық қауіпсіз реагенттер алынады.

С. М. Ерменов, В. П. Бондаренко, В. Г. Голубев, *А. С. Садырбаева

Открыть