ТҰРАҚСЫЗ САЗДЫ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНДА ҰҢҒЫМАЛАР САЛУҒА АРНАЛҒАН ИНГИБИРЛЕУШІ БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІЛЕРІ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.253.5.003
Мақалада сазды тау жыныстарын бұрғылау кезінде туындайтын асқынулардың себептері және бұрғылау ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерінің тау-геологиялық жағдайларға сәйкестігі қарастырылады. Ұңғыма қабырғаларының тұрақсыздануы көбінесе ерітінді фильтраты мен жыныс арасындағы белсенді өзара әрекеттесумен байланысты екені көрсетіледі. Сазды жыныстарды тұрақтандыру үшін қолданылатын ингибирлеуші реагенттердің негізгі түрлері мен әсер ету механизмдері талданады. Тұздар, полимерлер, полиолдар, полисахаридтер және силикатты жүйелердің артықшылықтары мен шектеулері салыстырмалы түрде сипатталады. Техникалық талаптарға сәйкес бұрғылау ерітіндісін дұрыс таңдау ұңғыманы табысты бұрғылаудың негізгі шарты табылады. Зерттеу нәтижелері геологиялық-техникалық талаптарға сәйкес келетін, экономикалық тұрғыдан тиімді және технологиялық сенімді бұрғылау ерітінділерін әзірлеудің маңыздылығын дәлелдейді.
Г. С. Бекбаева, Е. Т. Боташев, Г. М. Эфендиев,*М. К. Жантасов


