ЖОҒАРЫ ТҰТҚЫРЛЫ МҰНАЙ ҚАБАТ МОДЕЛІНЕ ПОЛИМЕР ЕРІТІНДІСІН АЙДАУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.246.10.005
Мұнай кен орындарын суландыру кезінде қабаттың әртектілігі мен судың біркелкі таралмауы ұңғымалардың ерте сулануына және мұнай беру тиімділігінің төмендеуіне себеп болады. Осы мәселені шешу үшін қабатқа әсер етудің түрлі әдістері қолданылады, олардың ішінде мұнайды ығыстыру тиімділігін арттыратын полимерлі суландыру технологиясы кеңінен қолданылады. Мақалада мұнай бергіштік коэффициентінің (МБК) айдалған су көлеміне және өлшемсіз уақытқа байланысты өзгерісін талдауға мүмкіндік беретін тәжірибелік модель сипатталған. Бұл модель ортаның өткізгіштігі мен кеуектілігін, флюидтердің физика-химиялық қасиеттерін және ығыстыру процесіне әсер ететін капиллярлық пен гравитациялық күштерді ескереді. МБК-ті есептеуі материалдық баланс теңдеуінің негізінде жүргізіледі, ал мәліметтерді қалыпқа келтіру өлшемсіз уақыт арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл ығыстыру тиімділігін тиімді бағалауға мүмкіндік береді.
*Ә.С. Хадиева, Г.И. Джалалов


