ҚАЛБА-НАРЫМ КЕН БЕЛДЕУІНІҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МЕТАЛЛ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ДЕРЕКҚОРЫН ҚҰРУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2025.245.9.008

Мақала гетерогенді геологиялық графикалық материалдарды өңдеу және соның негізінде географиялық ақпараттық жүйeлерінің (ГАЖ) мәліметтер базасын құрудың техникалық және технологиялық шешімдері қарастырылады. Нысан ретінде Шығыс Қазақстанда орналасқан, Қалба-Нарым металлогенді зонасы және оның құрылымдық бөлігі – Асубулақ кен өрісі алынған. ГАЖ мәліметтер базасын құру барысында құрамы және масштабы бойынша түрлі геологиялық деректер қолданылды, атап айтқанда: геологиялық, геофизикалық (гравиметриялық және магниттік аномалия карталары), геохимиялық және пайдалы қазбалар карталары. Дәлдігі мен ақпарат толықтығын жақсарту үшін векторизацияланған сандық карталар қашықтықтан зондтау мәліметтерімен толықтырылған. Біріккен ГАЖ жүйесі арқылы геологиялық сипаттамаларға кешенді кеңістіктік талдау жүргізуге мүмкіндік алынды.

Е.Т. Бекишев, *М.Е. Рахымбердина, E. Левин, А.К. Капасов

Открыть