ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЛДЫҚ ҮЙІНДІЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІНІҢ ӨЗГЕРУІН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.244.8.005
Теміртау қаласының өндірістің аймағының жыл санап өсуіне байланысты металлургиялық қалдық қоймаларының артуы қоршаған ортаға кері әсер етуде. Сондықтан аумақтың қалдық үйінділердің көлемінің өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануын бағалау өте маңызды мәселеге айналып отыр. Ал мақалада 1985–2024 жылдар аралығындағы үйіндінің көлемінің өзгеруін талдауда LANDSAT 4,5,7 және 8 спутниктерінің суреттері пайдаланып, олардың көлемінің 2-3 есе артқандығы дәлелденді. Сонымен қатар Land Cover Time деректері негізінде 1993, 2006, 2018 және 2023 жылдары топырақтың ластану дәрежесі бақыланып, оның мерзімдік салыстыру картасы қарастырылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық статистикалық деректері негізінде аурудың таралуы бойынша 2000 жыл және 2024 жылдар арасындағы салыстырмалы картасы ұсынылды.
*Ы. Жакыпбек, А. Айдаркызы, Е.Е. Бегимжанова, С.Н. Мустапаева


