ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨМІРІНДЕГІ ЖӘНЕ КӨМІР КҮЛІНДЕГІ МИНЕРАЛДЫ ҚОСПАЛАР
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.255.7.007
Мақалада Шұбаркөл кен орны мен Қарағанды көмір бассейні көмірлері және олардың күлдерінің минералогиялық және геохимиялық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – көмір мен ілеспе жыныстардағы сирек жер элементтері (СЖЭ) мен микроэлементтердің таралу заңдылықтарын анықтау және олардың қалыптасу факторларын бағалау. Зерттеу барысында СЭМ, ICP-MS және ИННА сияқты заманауи аналитикалық әдістер қолданылды. Нәтижесінде каолинит, кварц, пирит, сидерит минералдарының кең таралуы және СЖЭ әртүрлі деңгейде жинақталуы анықталды. Көмір құрамының қалыптасуына терригенді материал, магмалық және гидротермалдық процестер, сондай-ақ теңіздік жағдайлар әсер еткені көрсетілді. Зерттеудің жаңалығы – екі көмір бассейніндегі микроэлементтердің таралуын салыстырмалы бағалау және көмір күлін сирек металдардың әлеуетті көзі ретінде қарастыру.
А. Н. Копобаева, *Ә. Бақыт, А. Амангелдіқызы, В. В. Иванов


