АРАЛ ӨҢІРІНІҢ СОРЛАРЫ МЕН ТАБИҒИ СУЛАРЫНЫҢ ЛИТИЙЛІЛІГІ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.255.7.001
Қазақстанның Арал өңіріндегі сорлармен, тұзды көлдермен және жерасты суларымен байланысты литийлі гидроминералдық объектілерге салыстырмалы шолу жасалды. Негізгі назар сор рапаларындағы, рассолдардағы, сондай-ақ әртүрлі тереңдіктерден алынған грунт үлгілеріндегі литий концентрациясына аударылды. Аталған аймақта литийдің өнеркәсіптік концентрациясы тек сорлармен ғана байланысты екендігі анықталды, ал өздігінен ағатын ұңғымалардың жерасты сулары литийдің кларктық мазмұнымен сипатталады. Ең перспективалы объектілер ретінде Момышкөл соры (рападағы Li – 53,976 мг/л), Жақсықылыш көлі (11,01 мг/л) және Бірітабан Қарасу урочищесіндегі атаусыз сор (13,062 мг/л) айқындалды. Рассолдардағы литийдің жинақталуының ионалмасу механизмі туралы – сыйыстырушы саздақ жыныстардан шайылып шығу есебінен – болжам ұсынылды.
*Б. Б. Ағалиева, С. А. Мусаканова, И. Е. Матайбаева, Е. А. Калиев


