ТОПЫРАҚ ПЕН ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНА ӘСЕРІН АНЫҚТАУ ҮШІН ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.246.10.003
Қазақстан Республикасында қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жүйесінің қолданыстағы тетігінде тұрмыстық медициналық қалдықтарды кәдеге жарату регламенттелмеген, бұл өз кезегінде көптеген экологиялық проблемаларды тудырады. Мақалада тұрмыстық медициналық қалдықтарды қоса алғанда, жалпы қалдықтардың құрамы қарастырылады. Қалдықтар топырақтың, жер асты суларының ластану көзі болып табылатындығын ескере отырып, топырақ құрамы, жер асты сулары бойынша зерттеулер жүргізу және оған ықтимал теріс әсерді анықтау қажеттілігі туындайды. Егер қалдықтары бар полигондар пайдалы қазбалар кен орындарына жақын болса, бұл екі есе өзекті. Ұсынылып отырған қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жүйесін енгізу оларды елімізде
тиімді басқаруға және олардың айналымын бірыңғай жүйеге ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Г.Д. Кенжалиева, *Л.М. Оралбекова, А.С. Наукенова, А.Д. Байботаева


