ҚАЛБА-НАРЫМ АЙМАҒЫНЫҢ ҚАЛБА КЕШЕНІНІҢ I ФАЗАСЫНЫҢ ГРАНИТОИДТАРЫНЫҢ КЕНДІЛІГІ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.241.5.007
Қалба кешенінің (Р1) сирек металды минералдану ерекшеліктері қаралып, негізгі пегматит кен алаңдары мен қалба кешенінің I фазасының гранитоидтары арасындағы генетикалық байланыс анықталды. Қалба-Нарым аймағында бірнеше кенді аймақтар ерекшеленеді. Негізгі сирек металды кен аймағы Орталық Қалбамен шектеседі. Мұнда зерттелген сирек металды (Ta, Nb, Be, Li, Sn) пегматит нысандары – Огнев-Бакенді және Асу-Бұлақ кен алаңдары шоғырланған. Солтүстік-Батыс Қалбада Кварцты кен орны және берилл-сподумен минералдануымен сипатталатын бірқатар кенбілінімдер орналасқан. Мұндағы кен орындары мен кенбілінімдері қалба кешенінің II фазасының гранитоидтарымен байланысты болады. Бұл кен орындарының барлығы заманауи геофизикалық әдістер мен жоғары дәлдіктегі геохимияны қолдана отырып, толық зерттеуді қажет етеді.
*С.С. Айтбаева, Ж.А. Шаяхметова, М.А. Мизерная