ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ЛАСТАНУЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2024.233.9.001
Теміртау ең үлкен металлургиялық қалдық қоймалары шоғырланған, соңғы уақытта ауаның ластануы бойынша өте жоғары көрсеткіштерді көрсететін өнеркәсіптік қала. Сондықтан аумақтың ауасы мен топырағының ластануын қашықтықтан зондтау арқылы бағалау өте маңызды мәселеге айналып отыр. Ал мақалада, 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы мәліметтер негізінде, қашықтықтан зондтау технологиясын қолдана отырып, 2023 жылғы LANDSAT 8 суреттерімен өсімдіктердің өсу сапасын талдау, LANDSAT 5, 7, 8 спутниктік, Land Cover Time деректері негізінде 1993, 2006, 2018 және 2023 жылдардағы топырақтың ластану дәрежесін бақылау және Sentinel-5 TROPOMI арқылы ультракүлгін мен қысқа толқынды инфрақызыл сәуле көмегімен 2019, 2024 жылғы мамыр айындағы орташа айлық NO2 мәнін зерделеу арқылы қала ауасының ластануы қарастырылды.
*Ы. Жакыпбек, А. Айдаркызы, Е.Е. Бегимжанова, Г.Б. Кезембаева