КӨМІР ТАҚТАЛАРЫНЫҢ МЕТАНЫН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САУДА-САТТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАСЫН ЕСЕПТЕУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2023.214.2.006

Көмір тақталарының метаны бірнеше онжылдықтар бойы бүкіл әлемде баламалы энергия көзі ретінде пайдаланылуда. Көмірдің метаны әр түрлі салаларда шикізат ретінде кеңінен қолданылады. Өйткені ол табиғи газ. Көмірдің метанын пайдаланудың схемалары бойынша қамсыздандырылатын газдың көлемі мен құрамына белгілі талаптар бар. Бұл факторлар сатудың көлемі мен кірісіне айтарлықтай әсер етеді. Көмірдің метанын қолдану бойынша тиімді жобасының сауда-саттық негізгі критерийлері болып ұзақ мерзімді газ көзі және сенімді тұтынушы саналады. Метанды қолдану әдісін таңдау кезінде негізгі фактор болып өндіру көлемі мен өндірістің пайдалылығы арасындағы теңестік саналады. Әлемдік тәжірибе көмір тақталарының метанын энергетикалық бағытта шикізат ретінде жылу мен электр энергиясын өндіру үшін, сондай-ақ, химия өнеркәсібінде пайдаланудың мүмкіндігін көрсетеді. Көмірдің метанын басқа бағытта қолдану бойынша инвестициялық шешімдер қабылдаған кезде толық және мұқият талдау жүргізу қажет.

*Р.Қ. Қамаров, Н. Хуанған, Ш.Б. Зейтинова, Г.М. Жүніс

Открыть