ЖОЛБАРЫСТЫ, ШОВАН, КЕЛІНШЕКТАУ АЛТЫН КЕН ОРЫНДАРЫНДА ЖОСПАРЛЫ-БИІКТІК НЕГІЗДЕМЕ КАРТАСЫН ҚҰРУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2023.218.6.002

Бүкіл әлемде ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің (GNSS) көмегімен координаттарды анықтау (нақты уақыттағы кинематикалық, дәл нүктелік позициялау немесе статикалық режимде) бірнеше ғылыми және техникалық қосымшаларда талданды. Көптеген ғылыми-техникалық орталықтарда, геодезиялық өндіріс ұйымдарында, жүк және жолаушы тасымалдарында, мұнай-газ құрылыстарында өлшеу қорытындысын шұғыл және электронды сандық карта түрінде беретін спутниктік технологиясын жан-жақты зерттеп, өндіріс үрдісіне енгізуде. Мақалада Жолбарысты, Шован, Келіншектау алтын кен орында­рында орындалған геодезиялық жетілдіру жұмыстары қарастырылған. Кен орнына құрылған жоспарлы-биіктік негіздемесінің картасын ГАЖ технологиялары бойынша картасын құру жұмыстары талданған.

Е.Б. Кенжехан, *Ы. Жакыпбек, Ж.Т. Кожаев, А.С. Әбен

Открыть