СИРЕК ЖЕР КЕНДЕРІНІҢ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ БАЙЫТЫЛУЫН ФРАКЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2025.240.4.007

Құндыбай кен орны Қазақстанның Қостанай облысында орналасқан. Кен әр түрлі минералдардан тұрады әрі сирек кездесетін жер элементтеріне (СЖЭ) бай. Сирек кездесетін жер элементі – иттрий гидрофосфаты (черчит YPO4·2H2O) негізгі кен минералы болып табылады. Титан минералдары (ильменит, рутил, лейкоксен) – олармен қатар жүретін компоненттер. Кен қопсыған құмды мору қыртысына жатады. Мақалада Құндыбай кен орнындағы кенінің құрамы мен қасиеттерін анықтау бойынша зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Кен орнынан кеннің өкілетті сынамасы алынды. Зерттелетін кенді гравитациялық байытудың фракциялық талдау нәтижелері мен технологиялық көрсеткіштері ұсынылды. Кеннің құрамындағы минералдардық элементтердің өте майда ұсақтығына байланысты кенді байыту үрдісі біз әзірлеген дірілді ортадан тепкіш табақшалы аппаратты пайдалана отырып, гравитациялық байыту әдісімен жүзеге асырылды.

М.Р. Шаутенов, *Н.Т. Акказина Т.М. Алменов, Р.К. Жанакова

Открыть