ЭЛЕКТР ЖЕЛІ ТРЕКТЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕГІ LIDAR ДЕРЕКТЕРІН ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.239.3.008
Электр тарату дәлізінің күрделі рельефі мен кең ауқымына, құрылымына байланысты, соңғы жылдары әуе кемесіндегі LiDAR жүйесі электр желілерін тексеру үшін маңызды құралға айналды. Сондықтан, мақалада электр желі тректерін қалпына келтірудегі LiDAR деректерін геодезиялық есептеу барысы қарастырылған. Сонымен қатар, мақалада кездейсоқ нүктелерді таңдау, қашықтықты бағалау, нүктелердің қатынасы, ең кіші квадраттар әдісін қолдану, итерациялар мен ең жақсы модельді таңдау тәсілдерін ұштастыра отырып есептеу жүргізіледі. Нәтижесінде әртүрлі электр тірек құрылымын қалпына келтіру деректері нігізінде тіректің ұсақ бөлшектерін алудың орташа дәлдігі 98,5%, кері қайтарып алу 96,7% және F1-дің орташа көрсеткіші 97,6%-ды көрсетті. Орташа жұмыс уақыты – 0,9 с тең болды. Ал алгоритмнің орташа мәні мен орташа есептеу уақытын ескеріп, өте жоғары тиімді нәтижені көрсететіндігі дәлелденді.
А.С. Әбен, Х. Дай, *Ы. Жакыпбек, Б.Б. Күмісханова