ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ИНТЕРФЕРОМЕТРИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЖЕР БЕТІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

https://doi.org/10.48498/minmag.2025.239.3.007

Бұл мақалада Жер бетінің қозғалысын бақылау үшін дифференциалды интерферометрия әдісін қолдану нәтижелері ұсынылған. Атасу темір кен орындарындағы зерттеулер Sentinel-1 спутниктерінің деректері негізінде жүргізілді. Нәтижелер жер бедеріндегі айтарлықтай деформациялар мен шөгулерді анықтады. Бұл әдіс табиғи (жер сілкіністері, жанартаулық белсенділік) және антропогендік (тау-кен жұмыстары, құрылыс) процестерді жоғары дәлдікпен бақылауға мүмкіндік береді. Зерттеу тек қана жер бедерінің өзгерістерін бақылаумен шектелмейді, сонымен қатар геодинамикалық процестерді болжауға, қауіпті аймақтарды анықтауға және табиғи апаттардың алдын алуға көмектеседі. Дифференциалды интерферометрия ұзақ мерзімді мониторинг және уақыт бойынша динамикалық өзгерістерді талдау үшін ерекше маңызды құрал болып табылады. Бұл әдіс кеңістіктік деректерді тиімді қолдану арқылы аумақтардың қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

*А.К. Сатбергенова, А.К. Зекен, Ф.К. Низаметдинов, Н.Ф. Низаметдинов

Открыть