МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫН МЫСАЛЫНДА ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУДЫ ТАЛДАУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2024.228.4.002
Мақалада статистикалық әдісті қолдана отырып, талданатын кезеңдегі себептер бойынша оқиғалар санының өзгеру динамикасына талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде өндірістік жарақаттанудың негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы мен сипаты анықталды. Негізгі факторлардан нәтижелі көрсеткіштің өзгеру динамикасы зерттелді, жиілік коэффициентінің өзгеруінің математикалық моделі, ауырлық коэффициенті және жалпы жарақаттану көрсеткішінің коэффициенті алынды. Зерттеу нәтижелерінің негізінде ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жақсарту бағытында кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ техникалық жұмыстарда, техникалық қызмет көрсету және жөндеу орындарында еңбекті қорғау талаптарын күшейту қажет деген қорытынды жасалды. Тікелей өндіріспен байланысты емес жұмыстардың басқа түрлеріне ерекше назар аудару керек. Жазатайым оқиғаларды неғұрлым егжей-тегжейлі талдау негізінде қарастыру және оқиғалардың санына әсер ететін факторларды зерттеу.
Л.И. Раматуллаева, Ш.Қ. Шапалов, *Б.Т. Уахитова, Ж.К. Баймуханбетова