АҚБАҚАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН СПУТНИКТІК ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН БАҒАЛАУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2026.253.5.001

Мақалада Ақбақай кен орны аумағында 2015–2024 жылдар аралығындағы тау-кен өндірісінің кеңістіктік өсу динамикасы мен флораға әсерін қашықтықтан зондтау деректері негізінде, сонымен қатар 2024 жылы аталмыш кен орнынан әртүрлі тереңдіктегі 6 нүктеден сынамалар алынып топырақтардың ластану жағдайына ішкі зетханалық талдау жасалынды. Зерттеу барысында Google Earth, Google Earth Engine және Sentinel-2 спутниктік суреттері қолданылып, өндірістің қоршаған ортаға ықпалын бағалау үшін NDVI және LST индекстері есептелді. Сонымен қатар зерттеу объектісінен алынған топырақтардың ауыр металдармен ластанғандығы дәлелденіп отыр. Ғылыми зерттеулер тау-кен жұмыстарының табиғи ландшафтқа кері әсері анықталып, тұрақты геоэкологиялық мониторингтеудің маңызды екендігін айқындай түседі.

Н. Н. Мусахан, *Ы. Жакыпбек, Н. Жеткергенқызы, М. Савут

Открыть