ЛИНЕАМЕНТТІК ТАЛДАУДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АҚТОҒАЙ КЕНОРНЫНДА МЫСТЫ ПОРФИР РУДАСЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН АНЫҚТАУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.245.9.007
Осы жұмыста із балама әдіс ретінде перспетивті учаскелерді анықтауға мүмкіндік беретін, цифрлық жер бедерінің үлгісін (ЦЖБ) құрылымдық талдау мен автоматтандырылған линеаменттік талдауды ұсынамыз. Зерттеу шеңберінде ALOS DEM деректері негізінде Актогай кен орнының линеаменттік өрісі құрылып, ұзындығы 3 км-ден асатын 90-нан астам құрылым анықталды. Линеаменттер тығыздығының картасы мен роза-диаграммасы жасалып, Актогай, Ықбас, Оңтүстік-Қолдар сияқты ірі жарылымдар болжамды түрде картаға түсірілді. Линеаменттердің жоғары тығыздығы – рудалану үшін қолайлы жоғары өткізгіштік аймақтарының көрсеткіші. Алынған нәтижелер бұрын жүргізілген өңірлік зерттеулермен жақсы сәйкеседі. Линеаменттік талдауды кешенді геологиялық барлауда қолдану геологиялық жағдайларды дәлірек бағалауға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды іздеу мен бағалау тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
*Д.Н. Талгарбаева, Э.Б. Серикбаева, Э.О. Орынбасарова


