КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУДЕГІ ЖЕР РЕСУРСТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2024.232.8.006

Мақалада пайдалы қазбалар кенорындарын жаппай игерудің мемлекет пен халықтың экономикалық – әлеуметтік жағдайына және экологиясына тигізетін пайдасы мен зияны талданды. Аталмыш жұмыстың қарқынды жүргізілуіне байланысты жер ресурстарының бұзылуын мониторнигтеу мақсатында статистикалық мәліметтері негізінде ArcGIS бағдарламасында Республикамыз бойынша бұзылған және қайта қалпына келтірілген жерлердің салыстырмалы картасы құрастырылып ұсынылды. Сонымен қатар, соңғы жылдарда тау-кен өндіру өнеркәсібінде пайда болған қалдықтар көлемі жылдам артып, 78,16 %-ға жеткендігі және техногендік үйінділерден алынған топырақтар құрамында көптеген металдардың бары дәлелденіп отыр. Бұл бұзылулар елімізде апатты жағдайлардың артуына, аурулардың көбеюіне және экологиялық жағдайлардың күрделенуіне әкеліп соғады.

*Ы. Жакыпбек, Е.Е. Әбдәлімов, М. Тоқтар, М.Е. Бектаев

Открыть