ҚИЫН БАЙЫТЫЛАТЫН АЛТЫН ҚҰРАМДЫ КЕНДІ САТЫЛЫ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ БАЙЫТУДЫ ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2024.231.7.004
Зерттеу мақсаты болып Васильков алтынқұрамды кенін тиімді гравитациялық байыту сұлбасын жасау болып табылды. Физика-химиялық талдаулармен алтынның мөлшері 3,2 г/т, оның 1,81 г/т кен құрамында сап алтын түрінде, қалғандары арсенопирит, пиритпен және аз мөлшерде бос минералдармен байланысқан күйлерінде кездесетіндігі анықталды. Дисперстік талдау нәтижелері бойынша алтын негізінен ірі және өте ұсақ кластарда таралғаны, сәйкесінше 41,70 және 27,08% құрайтындығы анықталды. Рационалды құрамды есептеу нәтижесінде -40+20, -20+10 және -10+5 мм ірілік кластары үшін гравитациялық байыту индекстері есептелді: 0,62; 0,66; 0,70; 0.06. Үш сатылы гравитациялық байыту сұлбасымен алтынқұрамды кенді байыту нәтижесінде алтынның жалпы концентраттағы шығымы 7,04%, бөліп алу дәрежесі 49,19% болатын концентрат алынды.
Г.Е. Аскарова, *К.К. Мамырбаева, М.Р. Шаутенов, А.Б. Бегалинов