МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫН МЫСАЛЫНДА ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУДЫ ТАЛДАУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2024.228.4.002

Мақалада статистикалық әдісті қолдана отырып, талданатын кезеңдегі себептер бойынша оқиғалар санының өзгеру динамикасына талдау жа­салды. Зерттеу нәтижесінде өндірістік жарақаттанудың негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы мен сипаты анықталды. Негізгі факторлардан нәтижелі көрсеткіштің өзгеру динамикасы зерттелді, жиілік коэффициентінің өзгеруінің математикалық моделі, ауырлық коэффициенті және жалпы жарақаттану көрсет­кішінің коэффициенті алынды. Зерттеу нәтижелерінің негізінде ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жақсарту бағытында кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ техникалық жұмыстарда, техникалық қызмет көрсету және жөндеу орындарында еңбекті қорғау талаптарын күшейту қажет деген қорытынды жасалды. Тікелей өндіріспен байланысты емес жұмыстардың басқа түрлеріне ерекше назар аудару керек. Жазатайым оқиға­ларды неғұрлым егжей-тегжейлі талдау негізінде қарастыру және оқиғалардың санына әсер ететін факторларды зерттеу.

Л.И. Раматуллаева, Ш.Қ. Шапалов, *Б.Т. Уахитова, Ж.К. Баймуханбетова

Открыть