ЖАМАН-АЙБАТ КЕНОРНЫНДА ЖАЗЫҚ КЕНШОҒЫРЛАРДЫ ҚАЗУ ЖҮЙЕСІН ГЕОМЕХАНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2023.221.9.006

Мақалада натурадағы зерттеу (сейсмикалық барлау) нәтижелерін БАБО әдістемесінің нәтижелерімен салыстыру нәтижелері келтірілген, кері есептеу әдісі бойынша Жаман-Айбат кен орны жағдайында таужыныстардың сырғу параметрлері анықталған. Жаман-Айбат кен орнының кендері мен жы­ныстарының механикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері бойынша кен орнындағы кендер серпімді, серпімді деформациялардың потенциалдық энергиясын жинақтауға қабілетті, сыну сипаты сынғыш болып табылады. Оның негізінде тау-кен тектоникалық соққысының (техногендік жер сілкінісі) пайда болуын бол­дырмау үшін іргелес жоғарғы қабаттың отыру жағдайын анықтайтын өлшем ұсынылды. Камералық-бағаналы қазу жүйесінің негізгі геомеханикалық параметрі ретінде кентіректерді қайта игеру тәртібін жобалау үшін қажетті жер бетін толық өндіру (шөгу) шарты (Н<1,09 Lэ немесе Lэ>Н / 1,09) анықталды.

*М.Ж. Балпанова, Д.К. Таханов, А.Б. Жиенбаев, Г.Ж. Жунусбекова

Открыть