ЖЕР АСТЫ БӨЛІГІН ТІК ОҚПАНДАРМЕН АШУ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕН ОРЫНДАРЫН АРАЛАС ҚАЗУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ШОЛУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2022.201.1.002
Пайдалы қазбаларды өңдеу тереңдігінің ұлғаюымен, шахта оқпандарының орналасу орнын таңдау және олардың орнықтылығын есептеуге әсер ететін аралас геотехнология мен массивтің анықталмаған геомеханикалық жағдайында жерасты және ашық тау-кен жұмыстарының әсерінен туындайтын мәселелерді геомеханикалық есептеу, бүкіл кен орнын толық өндіру процесін одан әрі дамытуға әсер ететін маңызды ғылыми-техникалық міндетке айналады. Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын өндірудің әлемдік тәжірибесін талдау соңғы 50-60 жылда аралас өндіру әдісінің кеңінен қолданылуын көрсетеді. Отандық және шетелдік тау-кен кәсіпорындарында кен орындарын аралас өндіру кен орындарының ауыспалы тереңдігіне байланысты қолданылады, бұл негізінен тік және көлбеу құлау кеншоғырларына тән. Аралас өндірудің мәні болып жоғарғы деңгейжиектерді ашық тәсілмен, ал төменгі деңгейжиектеді жер асты тәсілімен алу табылады.
Т.К. Исабек, Ш.Б. Зейтинова, Г.М. Жүніс