ҚAТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚAЛДЫҚТAР ПОЛИГОНЫН ҚAШЫҚТЫҚТAН ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫМЕН БAҚЫЛAУ

https://doi.org/10.48498/minmag.2021.193.5.006

Мақалада қатты тұрмыстық қалдықтарды көму нысандарын бақылауда ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарына орнатылған фото­ және видеокамераның көмегімен полигонды пайдалану жағдайына бақылау жасап, заңсыз қоқыс тастау көздерін анықтау, қоқыс полигондарындағы төтенше жағдайлардың алдын­алу сияқты іс­шараларды жүргізу артықшылықтары келтірілген. Белгілі­бір ара­қашықтықтан нысанның түсірісін алу қалдықтардың заңсыз үйінділерін анықтауда, полигон құрылымының тұтастығын бақылауда және олардың жану ошақтарын іздестіруде тиімділігімен ерекшеленеді. Ұшқышсыз ұшу аппаратарын қолданудың басты артықшылығы нысан аумағындағы жағдай жөнінде жедел ақпарат алып, жер бетілік зерттеулерде мүмкін бола бермейтін күрделі бақылауларды жүргізу болып табылады.

Е.Е. Бeгимжaновa, Ы. Жaкыпбeк, С.В. Турсбеков