ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.258.10.002
Жұмыста уранды жер асты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке талдау жасалып, апаттық жағдайларды сценарийлік модельдеуге ерекше назар аударылды. Жүйелік талдау негізінде қауіпті өндірістік үдерістер мен инфрақұрылымның сыни факторлары айқындалды. Апаттық жағдайлардың себептерін, даму механизмдерін және олардың салдарын сипаттауға мүмкіндік беретін сценарийлік-бағдарланған әдіс қолданылды. Апаттық жағдайларды ықтималдылығы, салдарының ауырлығы, тәуекел деңгейі бойынша бағалау үшін сараптама негізінде тәуекелдер матрицасы құрастырылды. Ең жоғары қауіп төндіретін үдерістер ретінде ерітінділерді айдау-шығару және тасымалдау операциялары нақтыланды. Тәуекелдерді төмендету және қауіпсіздікті арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Г. Ю. Абдугалиева, А. О. Орсаринова, *С. О. Хусаинова, Т. Ж. Саукен
Мақалалар
БАЙЫТУ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЖОҒАРЫ ТЫҒЫЗДЫҚТА ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚАЗЫЛҒАН КЕҢІСТІКТІ ТОЛТЫРУҒА ҚОЛДАНУДЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.258.10.011
Жұмыста байыту қалдықтарын жоғары тығыздықта дайындау және оларды қазылған кеңістікті толтыруда қолдану технологиясы негізделді. Зерттеудің мақсаты – қоюландыру, гранулометриялық құрам, реологиялық қасиеттер, байланыстырғыш шығыны және жасанды массивтің нормативтік беріктігі арасындағы өзара байланысты анықтау. Салыстырмалы, құрылымдық-технологиялық және параметрлік талдау әдістері, сондай-ақ цементті және цемент-күлді қоспалардың зертханалық сынақ нәтижелері пайдаланылды. Жоғары тығыздықтағы толтырма цемент шығынын 15–35%-ға дейін азайтуға мүмкіндік беретіні анықталды. Артемьев кеніші үшін тығыздығы 1860–1963 кг/м³, беріктігі 1–4 МПа болатын базалық толтырма құрамдары талданды. Жұмыстың жаңалығы – қоюландыру, реологияны реттеу, байланыстырғышты мөлшерлеу, тасымалдау және жасанды массивті қалыптастыру кезеңдерін бірыңғай технологиялық сұлбаға біріктіру.
А. М. Габитова, *З. Ж. Абдрашева, З. К. Тунгушбаева, Е. А. Абеуов
МЕТОДОЛОГИЯ ДИАГНОСТИКИ ТЕХНИЧЕСКОГО СОСТОЯНИЯ ГЕОТЕХНОЛОГИЧЕСКИХ КОМПЛЕКСОВ КАРЬЕРОВ НА БАЗЕ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
https://doi.org/10.48498/minmag.2026.258.10.010
В статье представлена методология диагностики технического состояния геотехнологических комплексов карьеров на основе двухуровневого подхода и имитационного моделирования. Рассмотрены этапы укрупненной и детальной диагностики, предусматривающие оценку технико-экономических показателей, анализ отдельных звеньев технологической цепи и выявление «узких» мест. Сформирована система критериев оценки эффективности функционирования геотехнологического комплекса. Предложенная методология позволяет выявлять резервы производственной мощности, оценивать альтернативные варианты организации технологических процессов и обосновывать управленческие решения, направленные на повышение эффективности эксплуатации оборудования и транспортных коммуникаций, снижение затрат и рациональное использование производственных ресурсов.
А. А. Бояндинова, *Ж. А. Адилханова


