КӨПҚАБАТТЫ МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНАН БІР МЕЗГІЛДЕ БӨЛЕК ПАЙДАЛАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ МҰНАЙ ӨНДІРУДІ АРТТЫРУ

Көпқабатты  мұнай  кеніштерінен  өнімді  бөліп  алу  кезіндегі  бір  мезгілде  бөлек  пайдалану  технологиясы  арқылы  бір  ұңғымалар  торы арқылы бірнеше қабаттағы мұнайды бір мезетте бөліп алу мүмкіндігі бар болғандықтан, қазіргі таңда бұл технология кең қолданысқа ие. Мұндай технология өнімді толыққанды өндіру мен алынған мұнай көлемін әлдеқайда арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, бірнеше қабаттағы мұнайды қатар өңдеу барысында жер қойнауындағы кеннің мөлшерін есептеу мен өңдеу жағдайының мәселесі күні бүгінге дейін толық шешімін тапқан жоқ, атап айтқанда,  резервуарлық  энергияны  ұстап  тұрудың  аралас  технологияларын  қолдана  отырып,  көп  қабатты  резервуардан  мұнай  алудың  тиімділігін, олардың стационарлық және тұрақсыз су айдау, су мен газды белсендіру жағдайларында бір мезгілде және жеке пайдалану арқылы жұмыс істеуге арналған жабдықпен жеке ұңғымалардың режимі мен жұмысына әсерінбағалау міндетті болып табылады.