ҚҰБЫРӨТКІЗГІШТЕР МЕН ҰҢҒЫМАЛАРДА ГИДРАТ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ГИДРАТ ТЫҒЫНДАРЫН ЖОЮ ӘДІСТЕРІНЕ ТАЛДАУ
https://doi.org/10.48498/minmag.2025.241.5.001
Мақалада гидраттардың пайда болу себептері мен олардың алдын алу және гидрат тығындарын жою әдістері талданды. Гидрат түзілуінің алдын алудың ең оңтайлы әдісі метанолды және кинетикалық ингибиторларды қолдануды алдын ала газды кептірумен біріктіретін екі реагентті әдіс болып табылды. Бұл ретте ингибиторларды жеткізуді автоматтандыру дәрежесін арттыру және тасымалдау шығындарын азайту және улы ингибиторлардың төгілу жағдайларын жою мақсатында газ өндіру орындарында метанол синтезі үшін жылжымалы контейнерлік қондырғыларды пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Ал гидрат тығындарын жою үшін гидрат тығынының екі жағындағы газ құбырының учаскесіне қысымның төмендеуімен бір мезгілде ингибиторды енгізу оңтайлы шешім болады.
М.С. Молдабеков, *М.С. Бөкенова, Р.Д. Сүлей